Қазақстан БҰҰ бітімгерлерінің өмірін қиған Малидегі терактты қатаң сынайды

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз және барлық жарақаттанғандарға тез сауығып кетуін тілейміз», - делінген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.
Әлемдік қауымдастықтың террористік ұйымдарға қарсы шаралар қабылдау қажеттігін осыдан бір апта бұрын Мали астанасы Бамакода террористтер қолынан жазықсыз адамдардың қаза болуына соқтырған қайғылы оқиға да растайды.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің терроризммен күрес жөніндегі барлық шешімдерін қолдай отырып, Қазақтан халықаралық қауіпсіздік институтының ең басты күштеріне қарсы қылмысты бейбітшілік пен келісім қағидаларына қарсы жасалған деп түсіну қажет екенін мәлімдейді.
Қазақстан осы құбылыспен батыл күресте бүкіл адамзаттың күштерін біріктіруге және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жедел халықаралық терроризмге қарсы тұра алатын әлемдік желі құруға шақырады.