Қазақстан БҰҰ ДБ-мен ары қарай да жан-жақты серіктестікті нығайтуға даяр - Г. Әбдіқалықова

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Даму бағдарламасымен ынтымақтастық аясында 10 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы «БҰҰДБ 50 жылдығы: Орнықты даму мақсаттарына жетуді жеделдету үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттеу» сессиясында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.
None
None

«20 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан мен БҰҰ-ның елдік командасымен серіктестік қатынастар басталды. Республиканың Тәуелсіздігін алған кезеңінен бастап ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды әлемнің ең қауіпсіз және өмір сүруге жайлы мемлекетке айналдыру басымдықтарын айқындады. Осы үдерісте негізгі рөл Қазақстан мен БҰҰ арасындағы стратегиялық ынтымақтастыққа арналды. Өткен жылдарда өзара іс-қимылдың тиімді жүйесі түзіліп, осы ретте бізге 170-тен астам әлеуметтік маңыздағы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік ашылды»,-деді Мемлекет хатшы.

Г. Әбдіқалықованың сөзіне қарағанда, осы бағыттағы ынтымақтастықтың арқасында кедейшілікті мерзімінен бұрын қысқартуға, гендерлік теңдікті алға жылжытуда тиісті ілгерілеушілікке қол жеткізілді.Мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның және өзге серіктестердің көп қырлы кешенді жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан бәсекеге қабілеттілік жаһандық рейтингінде жақсы көрсеткіштерді байқатты.

«Бүгінде БҰҰ Даму бағдарламасымен ынтымақтастық аясында 10 жоба жүзеге асырылуда. Олардың ішіндегі маңыздыларының бірі сот мониторингі жүйесін жетілдіру жобасы болып табылады»,-деп атап өтті ол.

Өткен жылдар ұйыммен бірлесе түрлі салаларда ауқымды жұмыстар атқарылғанын еске салып өткен Мемлекеттік хатшы, «Ағымдағы және перспективалы жобалар аясында біздің мемлекет БҰҰДБ-мен ары қарай да жан-жақты серіктестікті нығайтуға даяр. Осы орайда ұйым тарапынан Қазақстанның бастамаларына қолдау жасалып келе жатқанын жоғары бағалаймыз. Сөз соңында Бірікке Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасын 50 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан әрқашан сіздермен табысты жұмыс істеуге дайын деп сендіргім келеді»,-деп түйді ол.

Соңғы жаңалықтар