Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі өзінің саяси әлеуетін арттырады

АСТАНА. ҚазАқпарат   - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның алдында қандай міндеттер тұрғандығын отандық саясаттанушы түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі өзінің саяси әлеуетін арттырады

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің пікірталастарындағы Президенттің саяси жолдауында айтылғандай, бұл жұмыстар аясындағы біздің басымдықты мақсаттарымыз мыналар: ядролық қарусыз әлемді жақындату, жаһандық соғыс қатерін болдырмау, Ауғанстандағы бейбітшілікке ықпалдасу, Орталық Азияда бейбітшіліктің өңірлік аймағын қалыптастыру, БҰҰ қамқорлығымен Жаһандық лаңкестікке қарсы коалиция (желі) құру, Африканың бейбіт дамуына жәрдемдесу, БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын, бейбітшілік, қауіпсіздік және даму арасындағы ажырамас байланысты ілгерілету, БҰҰ-ны ХХІ ғасыр талаптарына бейімдеу және жаһандық проблемаларды шешу үшін ұжымдық саяси ерікті нығайту мақсатында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейінде ҚК-не мүше мемлекеттердің тұрақты кездесулер тетігін келісу бар», - деді Марат Шибұтов.

Саясаттанушы құқықтық және қолданбалы аспектілерге де тоқталды.

«Меніңше, біз жылдың соңына дейін антитеррористік операциялардағы кодекс бойынша өз әзірлемелерімізді ұсынып, тіпті енгізе де аламыз. Бұған қоса, БҰҰ-ның болашағына қатысты өз көзқарасымызды білдіруге мүмкіндігіміз бар. Қолданбалы міндеттер бойынша  - ол жерде бір жылдың ішінде көзге көрінерліктей іс жасау үшін үлкен күш керек. Бірақ біз тырысатын боламыз. Меніңше, біз ол жердегі өзіміздің саяси әлеуетімізді арттырамыз. Содан кейін бұл бізге экономикалық әлеуетімізді күшейтуге көмектеседі. Мұндай қызмет бірден болмаса да біртіндеп еліміздің қарапайым халқына өз жемісін береді», - деді Шибұтов.