Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өте мықты кандидатура - Джон Керри
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өте мықты кандидатура деп атап өтті АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін Астанада Назарбаев Университетінде өткен дәрісінде.
«Бұл тұрғыда ештеңе айта алмаймын, себебі дауыс беру құпия жүргізіледі. Әрине, біз мықты кандидатураларды қолдаймыз. Осы орайда, Қазақстан мықты кандидатура екені анық. Бізге сәл күте тұру керек және осы үрдіс қалай өрбитіндігін көретін боламыз. Қазақстанның жүзеге асырған бастамалары бізді өте жігерлендіреді. Атап айтқанда, сіздер бітімгерлік бағытта және көптеген бағдарламалар бойынша серіктес болып табыласыздар. Сондықтан, Қазақстан өте мықты кандидатура екенін атап өткен жөн»,-деді Джон Керри студенттердің сауалына жауап беру кезінде. Айта кетейік, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға сапармен кеше келді.