Қазақстан БҰҰ рейтингінің «е-қатысу» индексі бойынша ІІ орында

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Женевада  өткен WSIS - 2012 форумында  қазақстандық делегация ақпараттық-коммуникациялық технологиялар  саласындағы еліміздің жетістіктерін таныстырды.
None
None

БҰҰ-ның соңғы рейтингісіне сәйкес, Қазақстан «е-қатысу» индексі бойынша ұйымға қатысушы 190 елдің арасында Сингапурмен бірге 2-ші орынды бөліскен болатын. 2005 жылы  осы  индекс  бойынша  еліміз 31 орында болған  еді. Ал «электрондық үкіметті дамыту» индексі бойынша біздің еліміз үстіміздегі жылы 38-ші орынға көтерілді. 2005 жылы 65 орынды иемденген едік.

Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» құру  бастамасы Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған болатын.Е-үкіметті енгізу бағдарламасы Елбасының  2004 жылғы  10 қарашадағы Жарлығымен бекітілді.

 2004-2006 жылдар  аралығында  «электрондық үкіметтің» веб-порталы мен шлюзі,  ведомствоаралық  электрондық  құжат  айналымы куәландырушы  орталықтар, бірыңғай тасымал  орта,  жеке және заңды тұлғалардың  мемлекеттік  деректер қоры іске қосылды.  www.egov.kz   порталы  өз  жұмысын 2006 жылғы 12-ші сәуірде бастады. Іске қосу кезінде әр түрі мемлекеттік  органдардың қызметін  қамтыған  377 ақпараттық қызмет іске асырылды.

2007-2009 жылдар аралығында транзакция жүргізуге мүмкіндік беретін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі бойынша  жұмыстар  жүргізілді. Порталда  «Е-лицензиялау»  бойынша  деректер  қоры мен алғашқы интерактивті қызметтер қолға алынды.

Қазіргі таңда «электрондық үкімет» жобаның аясында 2000-нан астам ақпараттық, 225 интерактивті және транзакциялық қызметтер ұсынылуда. Е-үкімет порталында 154 120 пайдаланушы тіркелген және күн сайын 25 000 адам портал қызметін пайдаланады. Электрондық үкімет іске қосылған 6 жылдың ішінде 11 200 000 е-қызмет көрсетілді.Оның ішінде, 1 200 000 астам қызмет үстіміздегі жылы көрсетілді. 2012 жылғы 1-ші сәуірден бастап www.elicense.kz е-лицензиялау порталында лицензиялардың барлық түрі тек электрондық нұсқада беріледі.

 

Соңғы жаңалықтар