Қазақстан былтыр 2 млрд 9 млн. кВт/сағат экспорттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр Қазақстанға электр энергиясының импорты 644 млн. кВт/сағат, ал экспорт 2 млрд 9 млн кВт/сағатты құрады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

Қазақстан былтыр 2 млрд 9 млн. кВт/сағат экспорттады

Министрдің айтуынша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша көмірден алынған отын көлемі энергияның 73 пайызын, газдан 18 пайызын, жел энергетикасы 8 пайызын, жаңғыртылатын энергетика, соның ішінде шағын су электр стансаларынан алынатын энергия 0,6 пайызын құраған. «Айта кетерлігі, «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасына сәйкес, жаңғыртылатын энергия көздерінен алынатын қуат 2020 жылға қарай 3 пайызға, 2030 жылы 10 пайыз, 2050 жылы 50 пайызға жеткізу көзделеді. Сонымен қатар, 2014 жылы елімізде энергия тұтыну 91,6 млрд кВт/сағатты құрайды. Жалпы, энергия өндіру 93,9 млрд кВт/сағатты құрап, оның алдындағы жылмен 102,1 пайызды құрады. Ал ондағы импорт 644 млн кВт/сағатты, экспорт 2 млрд 9 млн кВт/сағатты құрап отыр», - деді министр В. Школьник.