Қазақстан CAPSCA келісіміне қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Азаматтық авиацияда қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғалардың алдын-алу және оны басқару жөніндегі ынтымақтастық келісімге (CAPSCA) қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан CAPSCA келісіміне қосылды

«Біраз уақыттан бері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ы ИКАО және ДДCҰ сарапшыларымен әуе көлігі арқылы аурудың таралу мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуде. Нәтижесінде Қазақстанға аурудың таралу қаупіне қарсы күрес үшін ИКАО мен ДДСҰ құрған ерікті халықаралық орган - CAPSCA-ға қосылу ұсынылды. Бұл авиациялық қауіпсіздікті жетілдіру үшін елдің авиациялық билік орындары жүргізетін қызметтің аз ғана бөлігі. Жүргізілген жұмыстардың жиынтығы Халықаралық ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында қол жеткізген жетістіктерін мойындау болды», - деп атап өтеді Индустрия министрлігінен.

Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда CAPSCA мамандары азаматтық авиацияның жолаушылар тасымалын қалпына келтіру және COVID-19 таралуы жағдайында әуе кемелері экипаждарының ұшуды қауіпсіз орындауын қамтамасыз ету шараларын талқылауда. Ұшуларды үздіксіз орындауды қолдау бойынша CAPSCA кеңесі тұрақты түрде онлайн режимінде азаматтық авиацияда мүдделі тараптармен ДДСҰ-мен, қоғамдық денсаулық сақтау органдарымен және ИКАО үйлестірушілерімен тығыз ынтымақтастықта өткізіледі. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы форумдарға қатысу үшін медициналық қызметкерлерінің бірін және жедел сарапшыны тағайындады.


Жапония премьер-министрі Конституцияға өзгерістер енгізу ниетін растады
Ұқсас жаңалықтар

Жапония премьер-министрі Конституцияға өзгерістер енгізу ниетін растады