Қазақстан – Чехия бизнес форумы аясында бірқатар құжатқа қол қойылды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан – Чехия бизнес форумы аясында алты құжатқа қол қойылды. Қос мемлекет енді авиация, энергетика, автокөлік жасау, тауарлардың қорабын, қаптамасын және заттаңбасын өндіру т.б. секторларда бірлесіп жұмыс істемек.
1. «Қазавиақұтқару» АҚ (ҚР ТЖМ) және «Omnipol Defence a.s.» компаниясы арасындағы меморандум;
2. «Теплоснаб-НС» ЖШС және «ZVVZ a.s.» компаниясы арасында «ZVVZ-KZ» ЖШС бірлескен кәсіпорнын құру туралы меморандум;
3. «United Machinery Resources» ЖШС және «Excalibur International a.s.» компаниясы арасындағы меморандум;
4. «SP BKM» ЖШС және «Excalibur International a.s.» компаниясы арасындағы меморандум;
5. «KazakhExport» Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі АҚ және «EGAP»Чехияның экпорттық-кепілдік және сақтандыру корпорациясы арасындағы меморандум;
6. «Atlas Asia» және «WITKOWITZ» компаниялары арасындағы коммерциялық келісімшарт.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 700 млн доллардан асқанын жазғанбыз.