Қазақстан Чехияға автокөлікпен жүк тасымалдау үшін қосымша рұқсат бланкілерін алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 26-27 сәуір аралығында халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелеріне қатысты Қазақстан - Чехия Аралас комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Чехияға автокөлікпен жүк тасымалдау үшін қосымша рұқсат бланкілерін алады

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты талқылап, екі ел арасында жүк тасымалдау мәселесі жөнінде ақпарат алмасты. Сондай-ақ, тасымалдауға қосымша рұқсат бланкілерінің көлемін белгіледі. 

2017 жылы Қазақстан мен Чехия арасында жүк тасымалдауда оң динамика байқалды. Жыл қорытындысы бойынша автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі бұл бағытта 17% өсіп, 17,9 мың тоннаны құрады. Негізгі тасымалданатын жүктер қатарында жабдықтар, электрондық техникалар және халық тұтынатын тауарлар бар.
null

Бұл бағытпен жүрушілердің көптігіне байланысты екі тарап 2018 жылы жан-жақты рұқсат бланкілерінің көлемін 600-ге (барлығы 1400), үшінші елдерге және үшінші елдерден тасымалдауға рұқсат беретін бланкілер санын 200-ге (барлығы 400) дейін ұлғайтуға келісті. 

Биылғы жылдың рұқсат бланкілері 2019 жылдың 1 ақпанына дейін жарамды болады.