Қазақстан чемпионатында Астана Таразбен тең ойнап, Ақтөбені ұзатып алды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан чемпионатының 17-турында «Тараз» өз алаңында көшбасшылардың бірі «Астана» клубын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тартысты өткен матчта алдымен 19-минутта алаң иелерінен Абылайхан Жұмабек есеп ашты.

Ойын соңына таман «Астана» сапында алаңға шыққан франциялық легионер Килан Лебон 82-минутта таразы басын теңестіріп кетті.

Бір ғана ұпайды қанағат тұтқан елордалықтар (31 ұпай) бұрынғыша екінші орында келеді. Ал көш басындағы «Ақтөбе» (35 ұпай) төрт ұпайға ұзап кетті.

Тағы бір бәсекеде «Каспий» Ақтауда алматылық «Қайратпен» тең түсті – 2:2. Бірінші таймда қонақтар Артур Шушеначев пен Вячеслав Швыревтің голынан кейін 2:0 есебімен алға кетті. Әйтсе де екінші кезеңде Павел Киреенко мен Иван Пешич екі минуттың ішінде 2 гол соғып, қарымта қайырды.

«Қайрат» 27 ұпаймен үздік үштікке жақын тұрса, «Каспий» (22 ұпай) 8-сатыда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ел чемпионатында «Атырауды» ұтқан «Ақжайықтың» оныншы орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ «Ақтөбе» турнир кестесіндегі позициясын жақсартты .

Қазақстан чемпионатында «Қызылжар» «Тұранды» тізе бүктірді .





Соңғы жаңалықтар