Қазақстан дағдарыс кезеңінде инфрақұрылымдық-инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды тиімді деп санайды ?К. Сағадиев

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан дағдарыс кезеңінде инфрақұрылымдық-инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды тиімді деп санайды. Бүгін елордада өтіп жатқан ІІ Астаналық Экономикалық форум жұмысы барысында мемлекеттік және жеке сектор әріптестігі тақырыбы бойынша сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғали Сағадиев осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекеттік жеке сектор әріптестігі бұл - әлемдік экономикалық тәжірибеде айтарлықтай перспективалы бағыт болып табылады. Сондықтан да Астаналық экономикалық форум барысында бұндай мәселенің талқылануы маңызды. Мемлекеттік және жеке сектор әріптестігі бағыты әсіресе инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялау тұрғысынан маңызды екендігі сөзсіз. Әлемдік тарихтан белгілі ? дағдарыс пен қиыншылық кезеңдерінде инфрақұрылымдық құрылыстарды қолдау экономиканың «тірілуіне» септігін тигізіп отырады. Мәселен, Германия 1930 жылдары ғаламат автобандар салуды жүзеге асырып, экономикасына жан бітірді. Оңтүстік Кореяның өзі 1960 жылдары екі астанасының аралығында алып жол құрылысын жүргізіп, оның экономика үшін жақсы әсері болған», деді К. Сағадиев. Оның айтуынша, Қазақстан дағдарыс кезеңінде инвестициялық жобалар құрылысын жүргізуді тиімді деп санайды. «Сондықтан да, жақында жарияланған Елбасының Жолдауында инфрақұрылымдық нысандар мен автожолдар құрылысына баса назар аударылды. Бұл нысандарға мемлекеттік бюджет қаражаттары да ауқымды бөлінгелі тұр», деді К. Сағадиев.
Соңғы жаңалықтар
Референдум