Қазақстан дағдарыстан баяу шығып келе жатыр - Ұлтық банк төрағасы

АЛМАТЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Инфляцияның жылдық деңгейі сәуір айында 7,1 пайызды құрады.
None
None

Бұл жайлы Ұлттық банк төрағасы бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Дағдарыстың ең қиын кезеңі 2008 жылдың соңғы тоқсаны мен 2009 жылдың бас кезінде болды. Одан кейін баяу қалпына келу басталды. 2009 жылдың 4-ші және 2010 жылдың 1-ші тоқсаны дағдарыстан шығудың баяу жүріп жатқанын көрсетіп отыр. 2000 жылдардағыдай 10 пайыздан жоғары жылдық өсім қарқыны қазір жоспарланып отырған жоқ. Біздің пайымдауымызша, жедел орта мерзімдік кезеңде даму қарқыны жылына 5 пайыздай болуы мүмкін", дейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко. Бас банкирдің айтуынша, бұл Қазақстан үшін қолжетімді деңгей. Жалпы өте жылдам өсімнің де өзіндік мәселелері болады.

Соңғы жаңалықтар