«Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамының басқарма құрамында өзгертулер болды
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамының басқарма құрамында өзгерту жасалды,
деп хабарлады Қазақстан қор биржасының (KASE). баспасөз қызметінен.
Құнды қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде орналасқан «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамы қор биржасына хат жолдап, 2010 жылы наурыздың 25-інде өткен банк директорлары кеңесінің мәжілісінде «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының басқарма құрамынан басқарушы директоры - басқарма мүшесі Б.М.Өтемұратовтың шығарылып, басқарма құрамына Ж.Х.Мәдиевтің кіргізілгенін хабарлады.