Қазақстан Даму Банкі бизнес-процестерді оңтайландыру жұмыстарын жалғастырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Даму Банкі бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастырады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

Төрағаның айтуынша, былтырғы жылы бизнес қауымдастығы банк жұмысының тиімділігі жеткіліксіз екенін айтып, сынға алған болатын. Осыған байланысты банк бірқатар сарапшы-консультанттарды тарта отырып, барлық проблемалы мәселелерді қайта бағалап, бизнес-процесті жетілдіру үлгісін әзірлеп шықты.

«Бизнес-процесті жетілдіру бағытында біз ауқымды жұмыстарды атқардық. Бұған дейін бәрі бірігіп келген клиенттік менеджердің, кредиттік сарапшының, мониторинг жөніндегі маманның функциялары бөлінді. Мәселен, енді клиенттік менеджер ықтимал клиенттерді тарту жұмысымен, кредиттік сарапшы - кредиттік талдаумен, істі құрылымдаумен айналысады. Ал мониторинг маманы жобаларға қатысты «дабылдарды», кері құбылыстарды ерте бастан анықтауды қолға алады», - деді Б. Жәмішев.

Төрағаның сөзіне қарағанда, кредиттік талдау мен алдын ала сараптау үдерістері де жетілдірілген. Мәселен, жобаларды алодын ала қарау бір апта ішінде өтінім беруші толтырған анкета негізінде қаралады. «Яғни, біз өтінім берушіден қаптаған құжаттарды сұратпаймыз, олар шектеулі ғана. Бұл ретте өтініш жасаушы анкета толтырып, онда ол өзінің жобасын өзі бағалайтын болады. Бұл уақытты едәуір үнемдейді», - дейді Б. Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар