Қазақстан даму банкі директорлар құрамына өзгерістер енгізілгенін хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан даму банкі» АҚ директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлады Қазақстандық қор биржасының порталы.

Қазақстан даму банкі директорлар құрамына өзгерістер енгізілгенін хабарлады

Банктің жалғыз акционері болып табылатын «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (Бұдан әрі - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) 2015 жылғы 5 наурызда (№06/15 хаттама) шешім қабылдады. Банктің Директорлар кеңесінің құрамы - өкілеттік мерзімі 2015 жылғы 13 наурыздан бастап 6 адам болып айқындалды», - делінген хабарламада.

2015 жылғы 13 наурыздан бастап Банктің директорлар кеңесінің мүшелері: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мүдделерінің өкілі Бишімбаев Қуандық Уәлиханов; «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мүдделерінің өкілі Алдамберген Алина Өтемісқызы; «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мүдделерінің өкілі Хамитов Ерсайын Ерболатұлы; банк басқармасының төрағасы Жәмішев Болат Бидахметұлы; тәуелсіз директор Алиманов Жанат Жалғасбайұлы; тәуелсіз директор Марсия Элизабет Кристиан Фавале.

Сондай-ақ 2015 жылғы 12 наурызда банк директорлар кеңесінің бұрынғы құрамының өкілеттік мерзімі аяқталатыны атап өтіледі.