Қазақстан даму банкі өткен жылы 15,3 млрд. теңге рекордтық таза пайда тапты

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - 2012 жылдың қорытындылары бойынша, «Қазақстан даму банкі» АҚ-ның (ҚДБ) таза пайдасы 15,3 млрд. теңгені құрады.

Қазақстан даму банкі өткен жылы 15,3 млрд. теңге рекордтық таза пайда тапты

Бұл туралы бүгін Астанада ҚДБ-ның өткен жылғы жұмысының қорытындысына арналған конференцияда банктің басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов мәлім етті.

«Біз өткен жылы 15,3 млрд. теңге көлемінде рекордтық таза пайда таптық. Мұндай жетістікке берілетін несиелер көлемінің артуы, қазынашылық портфелі табысының өсуі және қорландырудың арзандауы нәтижесінде шығындардың азаюуы есебінен қол жеткізіп отырмыз», - деп атап өтті ол.

Биылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша, ҚДБ-ның судалары 3,1 млрд. теңгені немесе Қазақстандық банктер портфелінің 4,8 пайызын құрады. Сонымен қатар, былтыр банк жалпы көлемі 4,7 млрд. АҚШ доллары болатын 7 несие берді. Жалпы алғанда ҚДБ-ның экономиканы ұзақ мерзімді несиелеудегі еншісі 5,7 пайыздан 5,9 пайызға дейін өсті.