Қазақстан Даму банкі жеке бизнеске 27 млрд. теңге бөлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын қолдау аясында Қазақстан Даму банкінің коммерциялық банктерді қаржыландыру көлемі 27 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады ҚДБ баспасөз қызметінен.

Қазақстан Даму банкі жеке бизнеске 27 млрд. теңге бөлді

Бағдарламаға 3 коммерциялық банк кірді. Олар: «Банк Центр Кредит» АҚ, «Альфа банк» АҚ және «Цеснабанк» АҚ. Оған тағы «Казкоммерцбанк» АҚ қосылды. Бүгінде басқа банктердің де қатысу мүмкіндігі қарастырылуда. Инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, экспорт операциялары мен ақша айналымын толықтыратын кәсіпорындар бұл қаржыландыруға қол жеткізе алады. Екінші деңгейлі банктердің дамыған филиал жүйесін ескерсек, бағдарламаға қатысатындардың саны көп болуы мүмкін. Коммерциялық банктер ҚДБ алған қаражатты әлеуметтік-экономикалық маңызы бар жобаларды, сонымен бірге ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Осылайша, бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шикізат емес өнімнің өндірісін және отандық кәсіпорындардың экспорттық үлесін ұлғайтуға септеспек, делінген хабарламада.