Қазақстан Даму Банкінде басқарма төрағасының жаңа орынбасары сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі) директорлар кеңесінің 2015 жылғы 23 қазандағы шешімімен Құдышев Мұрат Тышбекұлы ҚДБ басқармасы төрағасының орынбасары болып сайланды. Сейсенбі, 3 қарашада, банк басқармасының отырысында ҚДБ негізгі менеджері М. Құдышевті ұсынды.

Қазақстан Даму Банкінде басқарма төрағасының жаңа орынбасары сайланды

ҚДБ баспасөз қызметінде хабарлағандай, М. Құдышев қаржы және операциялық қызмет, экономикалық жоспарлау және бюджеттеу мәселелері, қазынашылық, халықаралық және ішкі алыс-беріс мәселелерін қадағалайтын болады.

М. Құдышев Алматы педагогикалық шет тілдері институтын (1985), Алматы Халық шаруашылығы институтын (1989) бітірген.

Әр жылдары шетелдік операциялар департаментінің бас экономисі, директоры, ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары, ҚДБ вице-президенті, «Қазақстан келісімшарттық агенттік» АҚ президенті, «Самұрық Қазына» АҚ басқарушы директоры, «ГНПФ» АҚ тәуелсіз директоры, «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ директоры қызметтерін атқарды. 2008 жылғы тамыздан 2015 жылғы қазан аралығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген.