Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басуда - әзербайжандық саясаттанушы

БАКУ. КАЗИНФОРМ - Қазақстандағы Президенттік сайлау елде ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орталық Азиядағы маңызды саяси оқиға болды. Бұл пікірімен белгілі әзербайжандық саясаттанушы Ильгар Велизаде білдірді.

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басуда - әзербайжандық саясаттанушы

«Сайлаушылардың белсенділігі, сайлау науқанының ерекшелігі, ұлықтау рәсіміндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі байқаушылар, сарапшылар, саясаткерлер арасында ел өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басқалы жатыр деген болжамының тууына негіз бола алады», - деді И.Велизаде.

Оның пікірінше, әлемдегі күрделі экономикалық жағдай, геосаяси үрдістердің турбуленттілігі Мемлекет басшысының басым бағыттағы тапсырмалардың жүзеге асыруын талап етеді.

«Менің ойымша, бұл тапсырмаларды ҚР Президенті ұлықтау рәсімінде атап өтті. Орталық Азия аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамту бойынша стратегияны жүзеге асыру мен посткеңестік кеңістікте даулы жағдайларды тарқатуға деген Қазақстанның ниеті өзіне назар аудартпай қоймайды», - деп атап өтті сарапшы.