Қазақстан дамушы елдерге көмек көрсету бойынша Азия даму банкінің әріптесі болуға ниетті

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан қайтарымсыз көмек алушылар мәртебесінен шығып, дамушы елдерге көмек көрсету бойынша Азия даму банкінің әріптесі болуға ниетті. Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 12-ші министрлер конференциясында Үкімет басшысы Серік Ахметов мәлім етті.

Қазақстан дамушы елдерге көмек көрсету бойынша Азия даму банкінің әріптесі болуға ниетті

Үкімет басшысының айтуынша, 2013 жылы Азия даму банкімен ынтамақтастық аясында Қазақстан Азия даму қорына 5 млн. АҚШ долларынан астам донорлық жарна төледі.

«Қордағы донорлық Қазақстанға азиялық, орталықазиялық елдердің дамуына көмек көрсетуге, сондай-ақ АДБ донорлығы мәселесі бойынша шешімді қабылдау үдерісіне қатысуға мүмкіндік береді. Осы арқылы қазіргі кезде Азия даму банкінің біздің мемлекетпен ынтымақтастығы бірте-бірте сапалы жаңа деңгейге шығып отыр», - деді Премьер-Министр.