Қазақстан дәрі-дәрмек шығаруды 36 пайызға азайтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда фармацевтикалық препараттар өндірісі 36%-ға қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

2023 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанда 72,7 млрд теңгенің дәрісі өндірілді.

Өткен жылғы жарты жылда өндіріс көлемі 0,9% артық болған (73,3 млрд тг).

Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында фармацевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрады.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% аз (2022 жылғы қаңтар-маусым – 8,2 млрд тг).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады.

Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2023 жылдың маусым айында фармацевтика препараттары 11,4% қымбаттаған.


Соңғы жаңалықтар