«Қазақстан дауысы» тұңғыш бейнебаянын түсірді - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында өткен «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет тұңғыш бейнебаянын түсірді. Бұл туралы Ұлттық арнаның сайтында хабарланды.

«Қазақстан дауысы» тұңғыш бейнебаянын түсірді  - ВИДЕО

Бейнебаян түсірілген «Мақпалжан» әнінің сөзін жазған Ержанат Байқабай, әні - Қажымұрат Шешенқұлдікі. Ән бұған дейін халыққа Тоқтар Серіковтің орындауында танылған болатын. Жаңа бейнебаянды «AIMVI» продюсерлік орталығы Алматы маңында түсірді. Әнді орындауда электр-домбыра қолданылған. Айта кетейік, Шахаризат Сейдахмет - Ұлттық арна көрермендерінің көзайымына айналған «Қазақстан дауысы» жобасында Нұрлан Албанның тобында өнер көрсетіп, жеңіп шыққан болатын. Ол көпшілікке дәстүрлі әндерді орындаумен таныс.