Қазақстан ДДҰ бірлесіп медициналық көмек орталығын құрды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы мен Қазақстанның алғашқы медициналық-санитариялық көмек саласындағы ынтымақтастыққа арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Алматыда (Қазақстан) орналасқан ДДҰ Еуропалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жұмысы арқылы аймақта және бүкіл әлемде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту саласында ДДҰ-ның Қазақстанмен ынтымақтастығы шеңберінде қол жеткізген табыстары туралы айтты.

2016 жылы ДДҰ мен Қазақстан бірлесіп ДДҰ Еуропалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын құрды.

«Алматы қаласында орналасқан ДДҰ-ның Еуропалық бюросының географиялық жағынан қашық орналасқан аймақтық офисі. Орталық аймақтық бюроның алғашқы медициналық-санитариялық көмек бағдарламасын іске асыруды басқарады. ДДСҰ-ның алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Еуропалық орталығы Еуропадағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек саласындағы саяси реформалардың қайнар көзі болуға ұмтылады. Мүше мемлекеттерге прагматикалық және пәрменді саяси ұсынымдар беру арқылы Орталық маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін Алматы және Астана декларацияларында қабылданған стратегиялық тұжырымдаманы іске асыруға ұмтылады»,- ДДҰ ЕАБ директоры Ханс Клюге.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда ДДҰ-ның алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Еуропалық орталығы өзінің жаңа тұжырымдамасын әлемнің өзгеріп жатқан қажеттіліктеріне бейімдей отырып, өз жұмысының қарқынын едәуір арттыруға қол жеткізді.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ДДҰ-ның күн тәртібінде басты орын алады. Пандемияға байланысты барлық Еуропа елдері алғашқы медициналық-санитариялық көмек қазір бұрынғыдан да маңызды екенін мойындады.

«ДДСҰ-ның Алматыдағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Еуропалық орталығы жоғары деңгейдегі аймақтық және жаһандық іс-шараларға қатысады, ең жаңа мәліметтермен бөлісу үшін стратегиялық баяндамалар мен елдік шолулар жасайды, елдер арасындағы диалог алаңдарын ұйымдастырады, тәжірибе алмасу және қарым-қатынас орнату үшін ұйымдар мен жеке тұлғаларды жинайды, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында даму бағдарламаларын жүргізеді. Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің тиімді жүйелерін әзірлеу, іске асыру және мониторингтеу және оларға басшылық жасау»,- дейді ол.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бүгінде елдегі МСАК ұйымдарында 12 мыңнан астам учаске жұмыс істеп, онда 9 мың жалпы практика дәрігері пациенттерді қабылдайды.

«Жалпы, 2020-2021 жылдар аралығында 93 медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы ашылды. Сонымен қатар, 2025 жылға қарай 500-ге жуық МСАК нысанын салу және ашу жоспарда, оның ішінде 420-сы ауылдық жерде пайда болады. Сондай-ақ 350 МСАК нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Медициналық ұйымдарды қаржыландыру бірыңғай тарифтер жүйесі арқылы жүзеге асырылады»,- деді Ажар Ғиният.

Министр пандемия кезінде үлкен жүктеме МСАК деңгейіне түскенін еске салды. 150 мыңнан астам науқас тек МСАК деңгейінде ғана белсенді болды және еліміздің денсаулық сақтау жүйесі бұл сынақты лайықты орындап шықты.

ДДҰ-ның МСАК жөніндегі еуропалық орталығының басшысы Мелитта Якабтың сөзінше, COVID-19 пандемиясы кезінде көптеген елдер алғашқы медициналық-санитарлық көмектің шынайы әлеуетін толығымен түсінді.

«Бүгін біз ДДҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Еуропалық Орталығының соңғы екі жылдағы жұмысының нәтижелерін ұсынып отырғанымызға қуаныштымын. COVID-19 пандемиясы кезінде көптеген елдер алғашқы медициналық-санитарлық көмектің шынайы әлеуетін толығымен түсінді. Біз техникалық сараптамаға негізделген пандемия кезіндегі елдердің іс-әрекеттері мен тұжырымдаған сабақтарын жинақтап бірегей ресурстарға біріктіре алдық. Мысалы, аналитикалық шолулар, елдік шолулар, мүше-мемлекеттерге арналған консультациялар, «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы сөйлесейік» ток-шоуы, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысын басқару бойынша тренингтер және тағы басқалары. Орталық барлық 53 Еуропалық мүше-мемлекеттердің алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін нығайтуға қолдау көрсетеді және техникалық көмек көрсету үшін 20 елмен тығыз жұмыс істеуде»,- деді Мелитта Якаб.


Соңғы жаңалықтар