Қазақстан делегациясы Дублинде өтіп жатқан ЕҚЫҰ ПА Экономикалық мәслихатына қатысуда

АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат. Бүл күндері Ирландия астанасы Дублинде өтіп жатқан ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының «Әлемдік қаржы дағдарысы» Экономикалық мәслихатына Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов бастаған Қазақстан делегациясы қатысуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өндіру салалары (Extractive Industries Transparency Initiatives ? EITI) қызметінің Айқындық бастамасы арқылы кірістер мен бюджеттің ашықтығын жетілдіру мәселелеріне арналған сессия аясында Қуаныш Сұлтанов парламенттік аудиторияны әлемдік экономикалық дағдарыс зардаптарын еңсеру жөніндегі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан шаралармен таныстырды.Сенатор Ұлттық қордағы жинақтың арқасында Қазақстан банк жүйесін, құрылыс, шағын және орта бизнес, әлеуметтік бағдарламаларды қолдау жөніндегі нақты шаралар қабылдай алғанын атап өтті. Президенттің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауы осы міндеттерді жүзеге асыруға және дағдарыстан аз шығынмен өтуге бағытталған. Айқындық бастамасын жүзеге асыруға қатысты мәселелерге тоқтала келіп Қ.Сұлтанов, оның Қазақстанда іске асырылуы өндіруші өнеркәсіптік компаниялардың, парламентшілер және қоғамдық сектор арасында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумға негізделгенін атап өтті.Сенатор сондай-ақ Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жанында құрамына Үкімет, Парламент және компаниялар мен «Мұнай кірістері ? қоғам бақылауына!», Азаматтық Альянс коалициясы ұсынған үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірген мүдделі тұлғалардан Ұлттық Кеңес құрылғанын жеткізді. Бастамаларды жүзеге асыру аясында жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамаға тиісінше түзетулер енгізілді, айқындық бастамасы бойынша есеп қалыбы әзірленді.ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблясы әр екі жыл сайын экономикалық мәслихат өткізетіні белгілі. Мұндай жиындар парламентшілерге әріптестерімен, халықаралық сарапшылармен пікір алмасуға, сондай-ақ ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының алдыңғы экономикалық мәслихаты 2007 жылы Андорра қаласында өткен болатын және халықаралық сауда арқылы тұрақтылық пен ынтымақтастықты нығайтуға арналды.
Соңғы жаңалықтар