Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік кеден ұйымының тәуекелдерді басқару мәселесі бойынша өткен форумына қатысты

БРЮССЕЛЬ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/- ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің өкілдері ағымдағы жылы маусымның 28-30-ы аралығында Брюссельдегі Дүниежүзілік кеден ұйымының штаб-пәтерінде тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша өткен форумға қатысты.
None
None

Форум аясында Қазақстан кеден қызметінің өкілдері бұл халықаралық құрылымның ҚР-дағы кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйесінің дамуы үшін өзара іс-қимыл мен құрал-саймандарды қолдану мәселелері бойынша Дүниежүзілік кеден ұйымының сарапшы мамандарымен жұмыс кездесулерін өткізді.

Болып өткен іс-шараның қорытындысы бойынша ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің қауіп-қатер менеджменті бойынша басшылықтың дайындаған жаңа үлгісіне қатысуға, сондай-ақ қауіп-қатер индикаторы, тәртіп бұзушылар мен жеке тұлғалар бойынша Дүниежүзілік кеден ұйымының ақпараттар базасына рұқсат алатындығы туралы келісімге қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар