Қазақстан делегациясы ЕҚҚДБ-нің инвестициялық форумына қатысты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұл қаласында Орта Азия инвеситициялық форумы, сонымен қатар Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) басқарушыларына арналған дөңгелек үстел өтті.
None
None

Іс-шараға Еуропа қайта құру және даму банкінің басқарушылары, Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан) және Түркияның инвестициялық істері бойынша жауапты министрлері, сондай-ақ ЕО, Қытай және Парсы шығанағы елдерінен инвесторлар шақырылған.

Форумның мақсаты Орталық Азия аймағына инвесторлардың назарын аудара отырып, аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерін көрсету және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды талқылау.

Қазақстан атынан форумға ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Рахым Ошақбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева қатысты.

ҚР-дың Түркиядағы Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, форум аясында жеке сектормен экономиканың тұрақтылығы, бизнес ортаны дамыту арқылы серпінді жеке секторды құру және жаңа сыртқы қатерлер туралы мәселер талқыланды.

Келесі мәселелер де қарастырылды:

- динамикалық жеке секторға бағытталған құрылымдық реформалар арқылы Орталық Азия елдері сыртқы қатерлерге қарсы тұрақтылықты қамтамыз ету үшін не істеу керек;

- Орта мерзімді перспективада Орталық Азия елдері қандай артықшылықтарды қолдана алады;

- жеке сектордың рөлі қандай;

- Орталық Азияда жеке секторды серпінді дамуында Еуропа қайта құру және даму банкінің рөлі.

Іс-шара аясында секциялық келіссөздер де өткізілген:

- Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сум Чакрабартинің төрағалығында Орталық Азия мемлекеттері, Түркия және Еуропа қайта құру және даму банкі өкілдерімен жабық Отырыс;

- «Financial Times Live», Тркияның палаталар және биржалар қауымдастығы (TOBB), халықаралық инвесторлар, лауазымды тұлғалар және сарапшылардың қатысуымен инвестициялық конференция.

Б.Сұлтанов әлеуетті шетел инвесторларын Қазақстандағы инвестициялық ортаны жетілдіру жөнінде жасалып жатқан реформалардан хабардар ете отырып, инвестициялық жобаларға белсендірек қатысуға шақырды, және бұл бағытта жан-жақты мемлекеттік жәрдем көрсетуге әзірлігін білдірді.

«Біз толыққанды инвестициялық көмек білдіруге дайынбыз. Бүгінгі форум Қазақстанмен инвестициялық серіктестікті нығайтуға нақты қадам болатынына сенімдімін», - деді ҚР Қаржы министрі.

Форум аясында Б.Сұлтановтың ТР Премьер-Министрінің орынбасары М.Шімшекпен және ЕҚҚДБ Президенті С.Чакрабартимен екіжақты кездесулері де болды.

2
null

Соңғы жаңалықтар