09:14, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қазақстан Дэвис кубогы-2011 турнирінің 1-ші айналымында Чехия құрамасымен ойнайды
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы-2011 турнирінің 1-ші айналымында Чехия құрамасымен ойнайды.
Бұл ақпаратты еліміздің Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Федерацияның атап өтуінше, қарсыластарды анықтау кеше Брюсселде өткен. Қабылдаушы тарап болып 2010 жылғы Дэвис кубогының жартылай финалында Сербия құрамасына 3-2 есебімен есе жіберген Чехия анықталды.
Ал таяуда өткен осы турнирдің ақтық сынына жолдама алған Сербия мен Франция командаларының жолы сәйкесінше Үндістан мен Австрия құрамаларымен түйіседі. Ал Дэвис кубогы-2011 турнирі 1-ші айналымының қалған жұптары мыналар: Қазақстан - Чехия, Аргентина - Румыния, Чили - АҚШ, Бельгия - Испания, Германия - Хорватия.
Аталған турнирдің алғашқы айналымы 2011 жылы наурыздың 4-і мен 6-сы аралығында өтеді.