Қазақстан Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде Ресейге есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Мәскеуде Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде Ресейден 1:3 есебімен жеңілді.

Қазақстан Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде Ресейге есе жіберді

Кездесудің тағдыры Андрей Кузнецов пен Михаил Кукушкиннің ойынында шешілді. Ресейлік Кукушкинді 3:0 (6:1, 6:2, 6:2) есебімен сан соқтырды, деп жазады Sports.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін Кузнецов жерлесіміз Александр Недовесовті жеңген еді. Ал Кукушкин болса, Евгений Донскойдан басым түскен. Жұптық сында ресейлік Константин Кравчук пен Андрей Рублев қазақстандық  Андрей Голубев пен Александр Недовесовті ұтып кетті.