Қазақстан діндер басшылары съезі хатшылығының мүшелер санын көбейтуге мүдделі емес

А. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан діндер басшылары съезі хатшылығының мүшелер санын көбейтуге мүдделі емес. Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ІХ отырысы барысында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым‑Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Хатшылық құрамында көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлер бар. Дегенмен де, соңғы уақыттағы форматтың өзгеруіне байланысты хатшылық құрамын шектеген дұрыс, қажет болса ротациялық принципті де қарастыратын боламыз. Сонымен бірге, алдағы жылдары болатын съездің күн тәртібіне қатысты бұдан кейінгі жұмысымызды белсендіре түсуіміз қажет. Осыған орай, хатшылықтың барлық мүшелері өз ұсыныстарын келесі отырысқа дейін жолдауы қажет», деді Қ. Тоқаев.

Сонымен бірге, Сенат Төрағасы съезд жұмысын өзектендіре түсуге қатысты Қазақстан тарапынан атқарылып жатқан шараларға тоқталып өтті. «Қазақстанда Мәдениет және діндердің халықаралық орталығы бар. Осы орталық Әділет министрлігімен бірлесе отырып хатшылыққа ұтымды идеялары мен ұсыныстарын жолдайды, әрі жұмысымыздың мазмұндық жағына жауап береді», деген Қ. Тоқаев жиынға қатысушыларға жемісті еңбектері үшін алғысын жеткізді.  

Соңғы жаңалықтар