Қазақстан діни төзушілік идеяларын ілгерілетудегі көшбасшы ел болып табылады - Варшавадағы Шолу конференциясы

ВАРШАВА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Кенжеболат Жолдыбай/ - Варшавада ЕҚЫҰ-ның Адами өлшемдер жөніндегі Шолу конференциясы жұмысын жалғастыруда.
None
None

Кезекті пленарлық отырыста және жеке ұйымдастырылған қосымша шараларда адамның трансценденттік өлшемін қорғайтын негізгі құқығы - дін мен сенім бостандығы мәселелері қаралды. ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның және ЕҚЫҰ-ның басқа да институттары мен құрылымдарының басымдықтар мен міндеттемелерді, оның ішінде 1989 жылғы Вена қорытынды құжатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстары туралы баяндамаларда ұйымға қатысушы мемлекеттердің дін мен сенім бостандықтарын қамтамасыз ету қызметтеріне жасалған талдаулар таныстырылды. Қатысушы мемлекеттерге заңнамалардың дін бостандығының негізгі құқықтары мен кемсітпеушілік қағидаларына қатысты жеке ойларды білдірудің арасындағы қақтығыстардың алдын алуға қатысты тарауларын жетілдіру жөніндегі нақты ұсыныс-кеңестер берілді.

Тағы бір айта кететін жайт, жарыссөзге қатысушылардың бірқатары, төзушілік, өзара құрмет және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау қағидаларына негізделген мемлекеттің діни бірлестіктермен қарым-қатынасының қазақстандық моделінің бірегейлігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар