Қазақстан дипломаттары Ташкентте шағын футбол турнирінің жартылай финалына шықты
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан дипломаттары Өзбекстан астанасында өтіп жатқан шағын футбол турнирінің жартылай финалына шықты.
Кеше, Ташкентте Өзбекстанда тіркелген дипломатиялық корпус командалары арасында шағын футболдан екікүндік XIV халықаралық турнир басталды. Жарысқа 28 өкілдік пен халықаралық ұйымның командалары қатысуда.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Еуропа, Ауғанстан, Украина, АҚШ және Түркия командаларын жеңіп, жартылай финалға шықты.
Бүгін Қазақстан, Түркия, Иран және Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің құрамалары турнир кубогы үшін бақ сынайтын болады.