Қазақстан Достастық аясында өнеркәсіптік өндірістің өсу деңгейі бойынша үшінші орында тұр

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қазақстан ТМД-да өнеркәсіптік өндіріс деңгейінің өсуі бойынша үшінші орында тұр. Бұл туралы Достастықтың Мемлекетаралық статистикалық комитетінің дерегінде айтылып отыр.

Қазақстан  Достастық аясында    өнеркәсіптік  өндірістің өсу  деңгейі   бойынша    үшінші   орында   тұр

2010 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Қырғызстан өнеркәсіптік өсудің қарқыны бойынша Достастық елдерінің ішінде көш бастады - көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78,8 пайызға жетті. Қырғызстандағы жүйе құрушы болып табылатын «Құмтөр» алтын-руда кәсіпорнының толық қуатына кірісуінің арқасында өнеркәсіп осындай үлкен көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Екінші және үшінші орынға, сәйкесінше 16,3 және 11,5 пайыз көрсеткішпен Тәжікстан мен Қазақстан табан тіреді.

Украинада 3 айда өнеркәсіптік өндіріс - 10,8 пайызға, Арменияда - 10,4 пайызға, Өзбекстанда -7 пайызға, Беларусь елінде - 5,9 пайызға, Ресейде - 5,8 пайызға, Әзірбайжанда - 5,6 пайызға, Молдовада - 4,9 пайызға өсті.