Қазақстан ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің конференциясына төрағалық етеді
Кездесуде Қазақстанның төрағалығымен өтетін ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Біз үшін биылғы қарашаның соңы желтоқсанның басында өтетін ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына төрағалық ету үлкен мәртебе. Қазақстан Үкіметі ортақ іс-шарамыздың барлық мазмұндық және ұйымдастырушылық мәселелеріне қатысты пысықтау жұмыстары бойынша ДСҰ Хатшылығымен тығыз ықпалдастық орнатады», – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, Қазақстан көпжақты сауда жүйесін белсенді жақтайтын болғандықтан, Конференцияның нақты нәтиже әкелуіне мүдделі. Сондай-ақ күн тәртібіндегі барлық шешілмеген мәселелерді талқылауға өз тарапынан конструктивті түрде үлес қосуға дайын екенін жеткізді.