Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілігі көрсеткішінде «Макроэкономикалық тұрақтылық» факторы бойынша 23 орында
АСТАНА. 6 қыркүйек. қазАқпарат - «Макроэкономикалық тұрақтылық» факторы бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілігі көрсеткішіне сәйкес Қазақстан ағымдағы жылы 23 орында.
Бұл туралы Астанада өткен «Тұрақты экономиклық параметрлер және мемлекеттік басқару тиімділігі» атты дөңгелек үстел жиыны барысында журналистерге берген сұхбатында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Стратегиялық әзірлеме және экономикалық зерттеулер орталығының директоры Шахарбану Жақыпова хабарлады.
«Макроэкономикалық тұрақтылық» факторы бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілігі көрсеткішіне сәйкес Қазақстан ағымдағы жылы 148 әлем елдері арасында 23 орынды алады», - деді ол.
«Сонымен қатар, «Еңбек нарығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан 15 орынға лайықталғанын атап өткен жөн» - деп сөзін жалғастырды Ш.Жақыпова.