Қазақстан джиу-джитсудан жағажайдағы Азия ойындарында 4 медаль еншіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында джиу-джитсудан 69 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ақтық сайыста Батырбеков оңтүстіккореялық Ли Джэёнді 2:0 есебімен жеңді.

Жағажайдағы Азия ойындары: қазақстандық джиу-джитсушылар 1 алтын, 2 қола медаль алды
Фото: ҰОК / Kazinform

Тағы бір қазақстандық спортшы Әлинұр Қуатұлы сол додада 69 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленді. Қола жүлде үшін өткен кездесуде ол Сингапур өкілі Ноа Тянь Рун Лимді 50:0 есебімен басым түсті.

Сонымен қатар Болатбек Сейілхан 77 келіге дейінгі салмақта қола медаль алды. Қола үшін өткен жекпе-жекте ол сингапурлық Пол Тянь Чжи Лимді 2:0 есебімен жеңді.

62 келіге дейін салмақта сынға түскен Батыр Теңізбай да қарсыласын қапы қалдырып, қола медаль алды. Осылайша, Қазақстан джиу-джитсудан жағажайдағы Азия ойындарында 4 медаль еншіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұржан Батырбеков жағажай Азиадасының алтын жүлдесі үшін жарыс жолына шығатынын жазғанбыз.