Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдесіз қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнін аяқтады.

м
Фото: ҚР ҰОК

Финалдық кезеңге ұлттық құраманың үш өкілі жолдама алғанымен, жүлдеге қол жеткізе алмады.

Қола медаль үшін Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан (60 келіге дейін) және Нұрқанат Серікбаев (66 келіге дейін) күресті.

ҚР ҰОК мәліметінше, Давлатов өзбекстандық Самариддин Кучкаровқа жол берді. Бақытжан моңғолиялық Туменаджаргал Тувшинтурға есе жіберді. Ал Серікбаев қытайлық Цзыян Сюуэйден жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Бразилиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды.

Бүгін футболдан Бірінші лиганың ІІ тур ойындары басталады.