Қазақстан дзюдодан Грузиядағы Еуропа кубогын бес медальмен аяқтады

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан дзюдодан Гори қаласында (Грузия) өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды.

ы
Фото: ҚР ҰОК

Ұлттық құраманың қоржынына бір күміс және төрт қола жүлде түсті.

78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Толқын Тұрсынақынова күміс медаль иеленді.

Ал қола жүлдеге Қанат Сейілхан (66 келіге дейін), Сымбат Тағай (48 келіге дейін), Аяулым Қалмырза (57 келіге дейін) және Карина Такиева (78 келіден жоғары) қол жеткізді.

ҚР ҰОК мәліметінше, жалпыкомандалық есепте Қазақстан сегізінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық гимнастар Варнадағы Challenge Cup кезеңінде үздік бестікке енгенін жазған болатынбыз.