Қазақстан ЕАЭО елдерінен нені импорттап отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Еуразия экономикалық одағының елдерімен саудасы артты. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан ЕАЭО елдерінен нені импорттап отыр

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен қаңтар-наурыздағы өзара саудасы 5191,5 млн АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда номиналды мәнде 13,2% артты. Соның ішінде экспорт – 1532,3 млн доллар (16,8% көп), импорт 3659,2 млн доллар (11,8% көп) болды.

ҚР-дың ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде:

- Ресей Федерациясына – 92,9%;

- Қырғызстан Республикасына – 3,6%;

- Беларусь Республикасына – 3,4%;

- Армения Республикасына – 0,1% келеді.

Аталмыш елдерге Қазақстаннан экспортталады:

- минералды өнімдер – 37,8%;

- металдар және олардан жасалатын бұйымдар – 31,1%;

- химиялық өнім және олармен байланысты өнеркәсіп салалары – 11,3%;

- мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары – 10,4%;

- машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар – 6,9%;

- өзгелері – 1,6%.

Импорт:

- машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар – 24,9%;

- химиялық өнім және олармен байланысты өнеркәсіп салалары – 20,2%;

- мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары – 15,0%;

- металдар және олардан жасалатын бұйымдар – 14,9%;

- өзгелері – 13,9%.

- минералды өнімдер – 11,1%;


Түркияда аса ауқатты адамдар саны бес жылда екі есеге жуық артты
Ұқсас жаңалықтар

Түркияда аса ауқатты адамдар саны бес жылда екі есеге артқан