Қазақстан ЕАЭО-ға ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі жеткізуші бола алады - В.Рахманин

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік экономикаға деген терең стратегиялық көзқарасы бар. Бұл туралы БҰҰ Азық-түліктік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Владимир Рахманин мәлімдеді.

Қазақстан ЕАЭО-ға ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі жеткізуші бола алады - В.Рахманин

Ол жаңа әлемдік дағдарыс толқыны қарсаңында жарияланған Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» атты халыққа Жолдауына жоғары баға берді.

В. Рахманиннің пікірінше, біздің елдің Дүниежүзілік банкпен, АДБ, ИДБ, ЕҚДБ-мен ынтымақтастығы кеңейді, сонымен бірге шағын және орта бизнесті қолдау арқылы Қазақстан ЕАЭО аясында өңірде ауыл шаруашылығы өнімін негізгі жеткізуші бола алады.