Қазақстан Эбола безгегі ушығып тұрған мемлекеттердегі студенттердің тізімін жасайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында эпидемиологтар шетелдерге сапарды жоспарлау кезінде берілген ақпаратты ескеруді және эпидемиологиялық ахуал қалыпқа келтірілгенге дейін мүмкіндігінше Эбола қызбасы бойынша қолайсыз елдерге сапарға шығуды кейінге қалдыруды ұсынады.

Қазақстан Эбола безгегі ушығып тұрған мемлекеттердегі студенттердің тізімін жасайды

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж. Бекшин Гвинея, Либерия,Сьерра-Леоне және Нигерияның Денсаулық сақтау министрліктерінің ақпараты бойынша, Эбола қызбасымен сырқаттанушылықтың жаңа жағдайларының тіркелуі жалғасып жатқанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта Гвинеяда, Либерияда, Сьерра-Леоне, Нигерияда Эбола қызбасының 961 өліммен аяқталған жағдайын қоса алғанда, 1779 жағдайы тіркелген.

Қазір уақтылы диагностикалауды, емдеуді, алдын алу шараларын, қарым-қатынаста болғандарды бақылауды, санитариялық-ағарту жұмысын және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қоса алғанда, аурудың өршуіне ден қою шараларының барлық аспектілерін жандандыру және нығайту бойынша Батыс Африка елдері күш салуда.

ДДҰ Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеге қатысты сапарға шығуға немесе саудағақандай да бір шектеулер енгізуді ұсынбайды.

Эпидемиологиялық ахуал туралы деректер www.azpprk.kz сайтында орналастырылған.

Оңтүстік Африка елдерінде болған кезде және сапардан оралғанда ауру симптомдары пайда болған жағдайда тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет.

ҚР Сыртқы істер министрлігіне Эбола қызбасы бойынша қолайсыз елдерге баратын адамдардың тізімдерін ұсыну бойынша жәрдем көрсету туралы және Білім және ғылым министрлігіне көрсетілген елдер студентерінің қазақстандық білім беру мекемелерінде оқуы туралы сұраныс жолданды.

Республиканың халықаралық әуежайларында Эбола қызбасы бойынша қолайсыз елдерден келетін адамдарды күшейтілген санитариялық-карантиндік бақылау жалғастырылуда (жанаспайтын тепловизормен бақылау).

Жыл басынан бастап қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік шеқара өткізу пункттерінде 978418 адамнан астам тексерілді, олардың ішінде айтылған аурулардың белгілері бар адамдар анықталған жоқ.

Қолайсыз елдерге баратын адамдарға және бортжолсеріктеріне санитариялық-бақылау пункттерінің қызметкерлері алдын алу шаралары туралы нұсқау жүргізеді.

Республиканың барлық облыстары мен аудандарында Эбола қызбасы мен басқа да инфекциялардың әкеліну жағдайына оқу жаттығулары өткізілуде.

1068 емдеу-профилактикалық мекемесінің аса қауіпті инфекциялар, оның ішінде Эбола геморрагиялық қызбасы, коронавирус анықталған жағдайда алғашқы эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүргізуге дайындығытексерілді.

4541 дәрігер, 12685 ортаңғы медицина мамандарының қатысуыменаса қауіпті инфекциялар бойынша 714 семинар және 3093 дәрігер мен 9853 ортаңғы медицинақызметкерлерінің қатысуымен 943 жаттығу сабақтары өткізілді.

Тұрғындар үшін 481 дәріс ұйымдастырылды және оқылды, 12695 әңгіме өткізілді, 16939 үнпарақ таратылды. Барлығы 214639 адам санитариялық-ағарту жұмысымен қамтылды.

Эбола геморрагиялық қызбасы - Эбола вирусы тудыратын жұққыштығы жоғары жіті вирустық ауру. Сирек кездесетін, бірақ өте қауіпті ауру - 50-90 % клиникалық жағдайда өліммен аяқталады. Инкубациялық кезең 2-ден 21күнге дейін. Адамды және кейбір приматтарды зақымдайды.

Эбола вирусы инфекция жұқтырған адам ағзасының қанымен, бөлінділерімен, органдарымен немесе басқа да сұйықтықтарымен тікелей жанасу кезінде беріледі. Адамдардың инфекция жұқтырған тірі немесе өлген шимпанземен, горилламен және орман бөкендерімен қарым-қатынасы нәтижесінде жұқтыру жағдайлары құжаттамалық расталған.

Эбола қызбасы үшін дене температурасының күрт көтерілуі, қатты әлсіздік, бұлшық еттермен бастың сырқаттануы, сондай-ақ тамақтың сырқаттануы тән. Көбіне бұл құсумен, диареямен, бөртпемен, бауыр және бүйрек қызметтерінің бұзылуымен, кейбір жағдайларда ішкі,сонымен бірге сыртқы қан кетулермен де қоса жүреді.

Эбола геморрагиялық қызбасының арнайы емі жоқ, вакцина әзірлену үстінде, шамамен 2015 жылдың басында вакцина жасалуы ықтимал.