Қазақстан экологиялық таза энергия секторы ғалымдарының, инженерлерінің жаңа буынын дайындауда

  АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан экологиялық таза энергия секторы ғалымдарының, инженерлерінің жаңа буынын дайындауда.

Қазақстан экологиялық таза энергия секторы ғалымдарының, инженерлерінің жаңа буынын дайындауда

Бұл туралы бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Қазіргі кезде  ел ғалымдары «Қазақстан экономикасының энергетикалық секторын дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасын» орындап жатқандығын баса айтқан ол: «Әзірленген жаңа технологиялар мен өнімдер  еліміздің  экономикасында, Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында практикалық түрде іске асатын болады. Осы бағытта келешек ғалымдардың, инженерлердің жаңа буындарын дайындап жатырмыз», - деді.

Бұл ретте министрдің атап өтуінше, «Назарбаев Университетінде» халықаралық негізде  үш ірі зерттеу орталығы құрылған. Сондай-ақ Энергетикалық зерттеу орталығында энергия тиімділігі проблемаларымен шетелдік және отандық ғалымдармен бірге студенттер де айналысатын болады. «Осы тақырып бойынша  еліміздегі  басқа да көптеген  жоғары оқу орындары белсенді жұмыс жасауда», - деді ол.