Қазақстан экономикадағы еңбек өнімділігінің өсімі бойынша ТОП-20 елдер қатарына енді
Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы бағдарламаларын (ҮИИД МБ) жүзеге асыру ұлттық экономиканың құрылымдық қайта құрылуына түрткі болды. Мемлекеттік бағдарлама өңдеу секторын ынталандыруды көздейді. Негізгі күш жалпы жүйелік қолдау шараларына бағытталады, бәсекелестікке ықпал етуді бұрмалайтын шаралардан біржола бас тартып, еңбек өнімділігін ынталандыруға, шығындарды азайтуға және адам капиталын дамытуға көшу жоспарлануда. ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың базалық құралдарының бірі «Өнімділік-2020» бағдарламасы болып табылады. Оны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде (2011-2014 жж.)140 кәсіпкерлік субъектісіне жалпы сомасы 27,5 млрд. теңге шығындары қайтарылды. Екінші кезең басталғаннан бері 8 кәсіпорын энергоаудит өткізу, кадрларды оқыту, шетелдік мамандарды тарту және т.б. жұмсаған өз шығындарын қайтарып алды. 10 өңірдегі 49 кәсіпкерлік субъектісі қолдау құралдарын алу мақсатында ұсынымдар әзірлеуде немесе енгізіп қойды.
Қазіргі уақытта ҚР ИДМ «КИРИ» АҚ-мен бірлесе отырып, бағдарламаны жаңа қолдау құралдарымен және оларды ұсыну үдерісін одан әрі жеңілдету жөніндегі толықтыру туралы шаралар пакетін әзірлеуде.