Қазақстан экономиканы әртараптандыруды дер кезінде қолға алған мемлекет - Александр Идирисов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан экономиканы әртараптандыруды дер кезінде қолға алған мемлекет. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Strategy Partners» серіктес басқарушысы Александр Идирисов осылай мәлім етті.
None
None

Брифинг «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы аясындағы өнеркәсіптік саясат туралы өрбіген болатын.

«Халықаралық сарапшылар қазіргі таңда дағдарыстың негізгі үш тәуекелін алға тартады. Бұлар, біріншіден, Еуропадағы экономиканың шабандауы, дағдарыс әлі де жалғасуда. Екіншіден, Украина төңірегіндегі геосаясаттың ушығуы. Үшіншісі - Қытай экономикасының баяулауы. Осы үш фактор әлемдік экономикаға тікелей әсер етіп, алдағы уақыттағы даму дөңгелегін күрделі ете түседі», - дейді А. Идирисов.

Сарапшының сөзіне қарағанда, әлемдік нарықта мұнай бағасының құлдырауы Қазақстан үшін де басты мәселе болып табылады. Ал мұнайға бағаның төмендеуі басқа да шикізат тауарларына, соның ішінде металға бағаның төмендеуіне әсер етуі ықтимал. «Яғни, алдағы күтілетін кезең соншалықты жайлы емес. Бұл ретте осыдан төрт жыл бұрын Қазақстанның экономиканы әртараптандыру туралы ұстанған жолы өзінің дұрыстығын дәлелдеп отыр. Жалпы, индустрияландыру тақырыбын бүкіл әлем ұмыта бастаған болатын. Оның дұрыс емес екенін бүгін сезетіндейміз. Ал Қазақстан керісінше, осы ұстанымның пионеріне айналып шықты», - деді А. Идирисов.

Бұдан бөлек, ресейлік сарапшы Қазақстан өткен дағдарысты жылдары ешқандай да жұмыс орындарын жоғалтпағанын, керісінше 120 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын аша алғанын да атап өтті.

Соңғы жаңалықтар