Қазақстан экономикасы өркендей бастады

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Қазақстан бірте-бірте дағдарыс салдарынан шыға бастады. Осы жылғы наурызда ұлттық ІЖӨ-нің төмендеу екпіні 0,2 пайызға кемігендігі тіркелген. Бұдан басқа Қазақстан банктерінің сыртқы борышы 2008 жылдың желтоқсан айындағы ахуалмен салыстырғанда 2009 жылғы сәуірдің 1-індегі жағдай бойынша 10,7 пайызға кеміген,

Қазақстан экономикасы өркендей бастады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. . Тағы бір өте маңызды жетістік ? инфляциялық ауыртпалық төмендей түсті. ҚР Статистика агенттігінің ресми мәліметіне сәйкес республикада инфляция деңгейі өткен жылдың осы кезеңіндегі 2,5 пайыздың орнына, 2009 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіш 2,0 пайызды құрады. Жалпы төмендеу беталысы, тұтыну кәрзеңкесінің негізін құрайтын азық-түлік өнімдері бағасының өсуі баяулады. Жекелеген санаттағы өнімдер: май өнімдері ? 11,1 пайызға, оның ішінде өсімдік майы ? 21 пайызға, жұмыртқа ? 7,7 пайызға арзандады. Мұндай нәтижелі істерге Елбасының ҚР Үкіметіне тапсырмасы бойынша «бес үлкен іс» жоспарының жасалуы мен жүзеге асуы арқасында қол жетіп отыр. Бұл жоспар қаржы секторын тұрақтандыруға, қозғалмайтын мүлік рыногындағы мәселелерді шешуге, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.