Қазақстан экономикасы тұтынушылық сипатта - Zertteu DC Group зерттеулер жөніндегі директоры

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Экономикалық белсенді халықтың 6 пайызы шикізаттық салада жұмыс жасайды. Онда жалпы ішкі өнімнің 50 пайызын құрайтын тауарлар өндіріледі. Ал шикізаттық емес секторда 96 пайыз халық қамтылған. Алайда экспортқа шығарылған шикізаттың қаржысы шетелде қалғандықтан, ол банк жүйесіне айтарлықтай ықпал ете алмауда. Экономикалық жағынан белсенді халықтың 76 пайызы тұтыну нарығына бейімделген салаларда жұмыс істейді. Сондықтан Қазақстан экономикасы тұтынушылық сипатта деуге болады», дейді Zertteu DC Group зерттеулер жөніндегі директоры Марат Қайырленов. Оның пайымдауынша, банк жүйесінде жұмыс істемейтін несиелер жыл сайын өсіп келе жатыр. Мәселен, ол 2007 жылғы 0,2 триллион теңгеден, былтыр - 0,7 триллионға дейін артты. Биыл жыл соңына қарай 4 триллион теңгеге дейін жетпек. Тамыз айында оның көлемі 3,2 триллион теңгені құрады.