14:01, 06 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстан экономикасын қолдау үшін дағдарыс кезеңінде қосымша 2 трлн. 700 млрд. теңге бағытталды - Н. Назарбаев
АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еліміз экономикасын қолдау үшін дағдарыс кезеңінде қосымша 2 трлн. 700 млрд. теңге бағытталды.
Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тұтастай алғанда еліміздің экономикасына дағдарысты еңсеру мақсатында қосымша 2 трлн. 700 млрд. теңге бағытталды. Бұл әлемдік дағдарыстың салдарын еңсеру үшін қуатты ынталандыру болып табылады. Біз батыл әрі тез қимылдап жатырмыз. Өйткені, әлемдік экономиканың біздің экономикамыз бен қоғамымызға бағытталған жойқын соққысын азайту үшін қашан және не жасау керектігін білеміз», деді Елбасы. Бұған Үкіметтің және Парламенттің бірлескен жұмысы септігін тигізгендігіне тоқталған Н. Назарбаев, қазақстандықтар қазір «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып осы кезеңнің сынына бірлесіп төтеп беруі қажеттігін атап көрсетті.