Қазақстан экономикасында 2009 жылдың төртінші тоқсанында 7,9 миллион адам еңбекпен қамтылды - Статистика агенттігі

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтер бойынша, Қазақстан экономикасында 2009 жылдың төртінші тоқсанында 7,9 миллион адам еңбекпен қамтылды.
None
None

Статистика агенттігі сейсенбі, қаңтардың 12-сі күні осындай мәлімет таратты.

Жалданған жұмысшылардың саны 5,3 миллионды, ал жұмыссыздар 531,8 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызға жетті.

Желтоқсан айында (бағалау бойынша) 7,9 миллион адам еңбекпен қамтылды, ондағы жалданған жұмыс күшінің үлесі 66,6 пайызды құрады. Бұл айда жұмыссыздардың саны - 532,9 мың адам болса, жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызды шамалады.

2009 жылғы желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында ресми тіркелгендердің саны 53,4 мың адамға жетті. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі экономикалық белсенді халықтың 0,6 пайызын құрады, ал жасырын жұмыссыздықтың деңгейі желтоқсан айында 0,7 пайызды шамалады, деп хабарлайды Статистика агенттігінен.

Соңғы жаңалықтар