13:47, 10 Мамыр 2011 | GMT +5
Қазақстан экономикасының энергия тиімділігінің кешенді жоспары әзірленуі қажет - Қ.Келімбетов
АНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан экономикасының энергия тиімділігінің кешенді жоспары әзірленуі қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов айтты.

Экономиканың өсуі электр энергиясын тұтынудың ұлғаюымен қатар жүретіндігін атап өткен министрдің пайымынша, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Мұнай және газ министрлігі электр энергиясын өндіруді, сондай-ақ энергия тиімділігін ұлғайту мүмкіндігін ескере отырып, экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуі тиіс.
«Қазақстан экономикасының энергия тиімділігінің кешенді жоспары әзірленуі қажет. Бұл құжатты Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ағымдағы жылдың соңына дейін әзірлеу ұсынылады», - деді Қ.Келімбетов.