«Қазақстан экономикасының өсуі үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз» - «ЛУКОЙЛ» президенті В.Алекперов

ҚОСТАНАЙ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - «Қазақстандық үлесті арттыруға қатысты талаптарды біз әділ деп санаймыз және ол талаптарды орындауға әзірміз»,

«Қазақстан   экономикасының  өсуі  үшін  біз  қолдан  келгеннің бәрін  жасаймыз» - «ЛУКОЙЛ»   президенті  В.Алекперов
- деді Қостанайда өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІ пленарлық отырысында сөз сөйлеген «ЛУКОЙЛ» ашық акционерлік қоғамының басшысы Вагит Алекперов. Оның айтуынша, қазақстандық үлестің деңгейін көтеру шетелдік капитал мен технологияларды пайдалана отырып, ұлттық мұнай-газ компанияларын құруға, қазақстандық өнімдерді халықаралық сертификаттауға кадрларды қайта мамандандырудың заманауи бағдарламаларын енгізуге көмектеседі. «Инвестор-компаниялар, олардың қатарында ЛУКОЙЛ да бар, осынау міндеттерді шешуде Қазақстанға қолдарынан келгенше көмек көрсетуге дайын», - деді В.Алекперов. Ол сондай-ақ көмірсутек шикізатын өндіруші елдер үшін маңызды міндет - бірнеше жылдан кейін әлемдік энергетикалық нарықтағы олардың ұстанымдары әлсіреуі мүмкін мұнай-газ секторын дамытуға салынатын инвестициялардың күрт төмендеуіне жол бермеу екенін айтып өтті. «Аталған міндеттерді шешу үшін ең алдымен, орнықты және икемді салық жүйесі, көмірсутек шикізаты кеніштерін игеруге жаңа келісім-шарттар жасау мәселесіндегі мемлекеттің белсенді ұстанымы керек, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың Қазақстан аумағында активтер сатып алуларына кедергі болатын бюрократиялық тосқауылдарды шешкен дұрыс», - деп атап көрсетті В.Алекперов. Ол сондай-ақ Президент Н.Назарбаевты Қазақстан экономикасының өсуі және ел азаматтарының әл-ауқатын арттыру үшін «ЛУКОЙЛ» компаниясының барлық мүмкіндікті жасайтынын айтып, сендірді.