Қазақстан экспортқа 7 млн. тонна астық шығаруды жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015-2016 маркетинг жылында Қазақстан 7 мл. тонна астықты экспорттауды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Қазақстан экспортқа 7 млн. тонна астық шығаруды жоспарлауда

«Болжамға сәйкес 17,5 млн. тонна астық бастырылатындығы күтілуде. сәйкесінше біздің экспорттық әлеуетіміз шамамен 7 млн. тоннаны құрайды. Бұл ұзақ жылдардағы орташа деңгейден сәл артық», - деді ол.

Министрдің өз сөзінде қазақ астығының экспорттық географиясында еш өзгеріс жоқ екендігін баса атап өтті.